Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы.
1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Содан бері, жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі.