Ұстаздар мерекесі қарсаңында біз колледжіміздің ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗЫ Карипова Жамиля Кариповна жайлы айтқымыз келеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп ұлы Абай атамыз айтқандай.
Карипова Жамиля Кариповна 1978 жылы Жезказган педагогикалық институтының "География және биология" мамандығына түсіп, 1983 жылы аталмыш институттың түлегі болады. Еңбек жолын 1983 -2003 жылдар аралығында Каркаралы ауданы, Ынталы орта мектебінде бастайды. Мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі лауазымдарын атқарады. Елеулі ұстаздық қызметі үшін Жамиля Кариповна 1994 жылы Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Оку-ағарту ісінің төс белгісімен марапатталады. 1996 жылы - Ынталы орта мектебінде мектеп директоры лауызымына тағайындалады. Басшы бола жүріп әр оқушының дүниені тануына, кәсіби қалыптасуына, адалдық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен патриотизмнің үлгісін бере жүріп, ұлағатты жолын жалғастырады. Осындай еңбегінің нәтижесінде 2009 жылы Оқу-ағарту ісінің Үздігі медалімен марапатталады. Жас ұрпакты тәрбиелеу жолында еңбектеніп жүрген Жамиля Кариповнаға деніне саулық тілейміз, әрқашан шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, мерейіңіз үстем болсын.
Құрметті ұстаздар!!! Ресми түрде бекітілген Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!