МАҚСАТЫ: Еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды кәсіптік дайыдаудың сапалығы мен тиімділігін қамтамасыз етуші механизмдерді құру арқылы дуалдық оқыту элементтерін әзірлеу және еңгізу.
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ ЕНГІЗУ: «Дуалды оқыту жүйесі – білікті маман даярлаудың ең тиімді моделі»
Ел экономикасын тұрақты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын табысты іске асыру еңбек ресурстарының, адами капиталдың сапасына тікелей байланысты. Бүгінде ТжКБ еңбек нарығына, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің сұраныстарына көбірек бағдарлануда. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында сөз сөйлеген Н.Ә. Назарбаев: «Кәсіптік-техникалық білім беру, ең алдымен, ұлттық экономиканың мамандарға деген ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағдарлануы тиіс. Жеке бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі әсіресе білім беру саласында көрініс табуы керек». Осылайша, елімізде білім беру мекемелері мен бизнес өкілдері арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесі өзекті болып отыр.
Дуалды оқыту жүйесі мамандарды оқыту бойынша білім беру және өндірістік салалардың келісілген өзара іс-қимылына негізделген мақсатты кәсіптік даярлауды ұйымдастырудың инновациялық түрі болып табылады. Дуалды жүйенің ерекшелігі - оқыту негізінен оқу орнында емес, кәсіпорында жүргізіледі. Дуалды жүйе оған қатысатын барлық тараптардың – колледждің, білім алушылардың, кәсіпорындардың мүдделеріне жауап береді. Кәсіпорын үшін дуалды жүйе кадрларды даярлауға, қызметкерлерді іздеу және іріктеу бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Жастар үшін дуалды оқыту-өз бетінше өмір сүруге және социумдағы ересек өмірге ерте бейімделуге жақсы мүмкіндік. Дуалды оқыту жүйесінде студенттердің колледжде алатын теориясы мен өндіріс пен еңбек нарығының талаптары арасында алшақтық болмауы тиіс, жұмыс берушілер талап етілетін мамандарды даярлау сапасын басқаруға және бағалауға нақты қатысу мүмкіндігіне ие болады, ал колледж өндірістің қажеттіліктеріне уақытылы ден қоюы тиіс.
Дуалды оқытуды енгізу үшін оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленді, онда өндірістік оқытудың 60% - ы және теориялық оқытудың 40% - ы көзделген. Колледжде студенттер мамандық бойынша арнайы пәндерді оқып, теориялық білім алады. Ал кәсіпорындағы шеберлер оларға практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді алуға көмектеседі.
Төмендегі суретте бүгінгі күні колледжде дуалды оқыту жүйесімен қамтылған мамандық және болашақта қамтылатын мамандықтар тізімі көрсетілген:
Дуалды оқыту бойынша мамандық |
2021 жылы кәсіпорындардың сұраныстарына қарай дуалды оқыту жүйесіне көшетін мамандықтар |
0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» |
0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» 0518000 – «Есеп және аудит» 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" (салалар бойынша) 0819000 – «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» |
Әлеуметтік серіктестер
Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу - әлеуметтік әріптестікті нығайту факторы. Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу үшін теориялық білімді бекіту және кәсіби құзыреттілікті меңгеру мақсатында кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру арқылы жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды нығайту маңызды орын алады.
Төмендегі суретте әлеуметтік серіктестіктердің бүгінгі және болашақтағы тізімі берілген:
Әлеуметтік серіктестер |
2021 жылға жоспарланған кәсіпорындар саны |
ЖШС «БШО Колобок» ЖШС «Тұлға дамуы және зерттеу орталығы «Талант-менеджмент»» ЖШС БШО «Растем вместе»
|
ЖШС «Kids Zerek» ЖШС МББ «Академия детство» ЖШС «Балабақша«Одарешка»» ЖШС «Пульс Плюс» ЖМ «Информационные технологии» Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза РК ЖШС «Vertex Go» ЖШС «ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС «Alem Gaz»
|