Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына бірнеше іс-шаралар енгізілді. Яғни, колледж бойынша экскурсия өткізілді, колледж педагогтарының шеберлігі, оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, құзыреттілік орталықтары көрсетілді, колледж студентерімен жұмыс берушілердің диалог(сұрақ-жауап) жүргізілді, үздік жұмыс берушілер, оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың алғыс хаттарымен марапатталды.