15 наурыз күні «Автөкөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы ТОРАТ-16к-9, ТОРАТ-16р-9 топтары мен пән оқытушысы Ыбраим Е.А. жүргізуімен «Автокөлік логистикасы» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. «Көлік-экспедиторлық қызмет» атты тақырыпта өткен ашық сабақ мазмұны тауар айналымы, жүк тасымалын ұйымдастыру, көлік түрлерін таңдау, т.б. тасымалдау үдерістеріне қатысатын бөлімдерді қамтыды. Электронды ақпараттар, сөзжұмбақ, ойын түрлері қолданылған ашық сабақта студенттер белсенділік танытып, тақырып мазмұны толық қамтылды.