Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.
Осындай мерекені колледж ұжымы студенттермен бірлесіп, есте қаларлықтай атап өттік.
Колледждің ауласына әдемі екі шырша ағашын отырғыздық: бірін – Қозы деп, екіншісін – Баян деп, осы айтулы мерекенің себепкерлеріне арнадық.
Осы күнді асыға күткен студенттерде аянып қалмай өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ: ОДВ-17к-9 тобының студенті Тастемирова Жансая осы мерекенің шығу тарихы жайында айта келе, «Ғашықтар» жайлы өлең оқыды.
Колледжіміздің 1-курс студенттері «Флэшмоб» билеп, колледж ауласына сән кіргізді. Ал, мерекенің соңында, шарларға тілектер жазып, көгілдір аспанға ұшыру, осы күннің ең әдемі сәті болды.
Тілектер:
- Бақытты болайық!
- Ата-анамыз аман болсын!
- Сессияны жақсы тапсырайық!
- Степендиямыз өссін!
- Махаббат болсын!
Ендеше, құрметті студенттер осындай саналы тілектеріңіз орындалсын!