15 қазан БжҒ министрі Ерлан Сагадиев «Колобок» жеке меншік балабақшасына келді. «Колобок» жеке меншік балабақшасы біздің колледжіміздің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының модульдік бағдарламасына дуальды оқытуды енгізудің және тәжірибе өтудің негізгі базасы болып саналады. Орталықта сөйлеу және психикалық денсаулығы төмен балаларға арналған топтар бар. Олармен логопед, психолог және дефектолог мамандары жұмыс жасайды.Ерекше балалар үшін орталықта сенсорлық, психомоторлық белсенділік және физиотерапия бөлмелері орналасқан.
Қазіргі уақытта балалармен жеке айналысады, болашақта орталық әкімшілігі инклюзивті топтар ашуды жоспарлауда.
Оқытушылар мен студенттер «Алтын күз» бұрышын ұйымдастыруға көп белсенділік танытты.