Денсаулық күні!
7 сәуір күні колледж студенттері арасында Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар өткізілді. Әр түрлі ойын түрлері барысында студенттер белсенділік танытып, спортқа деген құштарлығын көрсете білді. Сайыстарды бағалау нәтижесінде топ жарып шыққан студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды.