Байқаудың мақсаты:
Жастардың мәдени және шығармашылық белсенділігін арттыруға және оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік беру.
Жастардың бойына эстетикалық талғамын, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ету.
Қыздардың өз қабілеттері мен таланттарын ашу және көрсету қабілетіне қолдау көрсету.
Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану.
Сайысымыз үш кезеңнен тұрды:
1. «Визит карточкасы» таныстыру, 3-5 минут.
2. «Бір минуттық талант» өз өнерін көрсету,4 минут.
3. «Фильмнен үзінді» қойылым,5 минут.
Байқауға сымбатты 8 ару қатысты. Әр қатысушымыздың өзіне тән нәзіктігі, жан дүниені баурап алатындай жарасымды қылықтарымен көрерменнің көңілінен шығатындай етіп көрсетті. “Көктем аруы” байқауының жеңімпазы 1 курс студенті Оспанова Ақнұр болды. Әр қатысушымыз Кербез ару, Сүйкімді ару, Инабатты ару , Сымбатты ару , Білімді ару, Зерделі ару, Өнерлі ару, Көрікті ару номинацияларымен марапатталды. Оспанова Ақнұр енді өз өнерін облыстық деңгейде көрсететін болады. Бұл кезең 16 наурызда өтеді. Ақнұрға сәттілік тілейміз!!! СМК студенттері! Алға!