Сіздердің назарларыңызға Қарағанды қаласы, Оңтүстік-ықшам ауданында, университет көшесі 28/3 “Студенттер емханасы 1” ашылғанын хабарлаймыз.
Денсаулық - зор байлық!!!
Осыған орай колледж директоры және колледж оқытушылары осы емханамен танысып, емханадағы ем- шаралар жайында ақпарат алып, Сіздерге ұсынып отыр. Емхана мамандары жоғары білікті, ғылыми атаққа ие болған қызметкерлер.
Емхананың нөмерлері арқылы қосымша ақпарат ала аласыздар және емхананың QR коды арқылы әлеуметтік желісімен таныса аласыздар!
Егер емханаға тіркелгілеріңіз келсе жеке куәліктің сканерленген нұсқасын колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипова Айдана Советбековнаға тапсырасыздар!