12 ақпан күні колледж студенттері облыстық тарихи - өлкетану мұражайына барды. Саяхат барысында облысымыздың тарихымен танысып, Қарқаралы Ұлттық саябағы, Қарағанды облысының тарихта аты қалған зиялы қауым өкілдері туралы көп мәліметтер берілді. Ұлттық мәдениетіміз, шахталардағы алғашқы көмір өндіру құралдары, Ұлы Отан соғысы жәдігерлері, қазақ халқының басына түскен нәубәт – ашаршылық пен қуғын – сүргінге ұшыраған жылдардағы қиыншылықтар, ғарыш айлағы және Тәуелсіздікке байланысты жасақталған залдарға экскурсия жасалды.