отставкадағы судья, сот жүйесінің ардагері Өскембеков Сәбит Манзурұлы колледжімізге дәріс оқуға келді. Сәбит Манзурұлы өзінің сот қызметін кеңестік сот жүйесінде бастады, елімізде қазіргі сот төрелігі жүйесінің қалыптасуының бастауында тұрды. Дәріс тікелей атмосферада, қарым-қатынас түрінде өтті. Сәбит Манзурұлы сот тәжірибесінен мысалдар келтірді. Дәріс соңында студенттеріміз уақыт бөліп келгені үшін үлкен алғысын білдірді.