18 сәуірде біздің колледжге Қарағанды облысының жануарлар құқығын қорғаушылардың волонтерлік қозғалысының жетекшілері – Уголькова Н.И. және Радченко И.В. келді. Олардың дәріс тақырыбы «Үй жануарлары мен панасыз жануарларға жауапкершілікпен қарау». Дәріс материалын қамту барысында адами гуманизмнің маңызды көріністерінің бірі қоршаған ортаға қамқорлық және үй жануарлары мен үйсіз жануарларға жауапкершілікпен қарау екендігіне ерекше назар аударылды. Дәріс нәтижесінде біздің мақсатымыз волонтерлік қозғалыспен бірге студенттерді қоршаған ортамен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу екендігі түйінделді. Біздің студенттер мұндай волонтерлік бірлестіктерге қатысуға әрқашан қуанышты.