Ағымдағы жылдың 2 маусым күні колледжімізде онлайн түрде «Қыз өссе-елдің көркі» атты қыздар арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты ата-бабамыздың асыл мұрасы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, шешендік сөздерімен таныстыра отырып, халқымыздың даналығын, тапқырлығын, өнерін таныту,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу болды. Сайысқа барлығы 4 қыз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың нәтижесінде 1 орынды Амантайқызы Гүлсезім, 2 орынды Орынбасар Райхан, 3 орынды Наурызбай Дильназ иеленсе, «Қонақжай қыз» номинациясымен Маратқызы Зарина марапатталды. Сонымен қатар 1,2,3 орынды иеленген студенттерге ақшалай сертификаттар тапсырылды.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, алда талай белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!