«Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидалары» Адалдық сағаты
2021 жылдың 26 наурыз күні республикалық акциясы аясында колледжде 1-ші курс студенттері үшін «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында парасаттылық, адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға. Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер. Парақорлықпен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол. Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті. Әңгімелесу барысында студенттер әділеттілік, патриотизм, өмір құндылықтары туралы өз пікірлерін білдіріп, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің сөздері қазіргі кезеңде өзекті және өскелең ұрпақ үшін жол сілтеуші болуы тиіс деген қорытынды жасады.
https://www.instagram.com/p/CNHdyHWhttg/?igshid=6d59yy2q32ih