2021 жылдың 24 ақпанында колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметі студенттер үшін «Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру. Жыныстық жетілу және оның бұзылуының алдын алу» тақырыбында дәріс, әңгімелесу өткізілді. Дәріс барысында ерте жүктілік, оның денсаулыққа әсері, кәмелетке толмағандарды жыныстық құқықбұзушылықтан қорғау, заңдар мен жауапкершілік, студенттерге көмек және кеңес алу қызметінің жұмысы жайлы айтылды.