Материалды зерделей отырып, кітапханаға келуші басқа оқырмандармен пікір алмасады, шығармашылық кештер мен семинарларға қатысады. Рухани байып, өзіне деген сенімі артады, өзін-өзі жетілдіреді, өзін-өзі бағалауды нығайтады. Сондықтан біздің студенттер М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханаға үнемі келіп тұрады.