1991 жылы 16 желтоқсанда бұл мереке жаңа егеменді және тәуелсіз республика – Қазақстанның дүниеге келгенін атап өтті. Осындай қысқа тарихи кезеңде Қазақстан халқы ортақ күш-жігердің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Ол біздің ортақ Отанымыздың еркіндігінің, гүлденуі мен қуатының символы болып саналады. Әр шаңыраққа, әрбір отбасына денсаулық пен амандық, бақ-береке, тыныштық пен бейбітшілік тілейміз!