
Кездесуге Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, лейтенант Саулетхан Мейрамбек және аға лейтенант Боранқұл Нұрби Мейрамұлы қатысты.
Іс-шара барысында мамандар студенттерге төтенше жағдайлар саласындағы қызметтің ерекшеліктері, құтқарушы мамандығының маңыздылығы, кәсіби даярлық және осы салада білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, төтенше жағдайлар саласына деген қызығушылықтарын арттыру және кәсіби мүмкіндіктерімен таныстыру.
👏 Қонақтарымызға мазмұнды кездесу мен пайдалы ақпарат үшін алғыс білдіреміз!