
✨ 25 қазан – Республика күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай колледжімізде колледжаралық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
🗣️ Зияткерлік додада қатысушылар өздерінің шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін, білімін және тапқырлығын ортаға салып, өзекті тақырыптар бойынша ұтымды пікірлерін білдірді. Пікірсайыс барысында жастардың азаматтық ұстанымы, ой еркіндігі мен өз көзқарасын дәлелді жеткізу шеберлігі айқын көрінді.
🏆 Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға зор ықпал етеді.
👏 Турнирге қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Еліміздің ертеңі – білімді, ойлы және белсенді жастардың қолында! 🇰🇿
Пікір-сайыс клубынын жетекшісі: Комекова А. Б.