
25-қазан Республика күніне орай «Қазақстанның даму жолы және жаңа конституциялық кезең» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Д.М.Бозтаеваның ұйымдастыруымен кураторлық сағаты өтті.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанның тәуелсіздік жолы, Республика күнінің тарихи маңызы және жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер түсіндірілді. 🇰🇿
Мақсатымыз – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, отансүйгіштік рухын нығайту және еліміздің болашағына деген сенімін қалыптастыру.
Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!🇰🇿