
Бүгін, 5 қазан – ұстаздарға алғыс пен құрмет білдіретін ерекше күн!
Мерекеге орай колледжіміздің ОНГ тобының 4-курс студенттері ұстаздарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстады. 🌹✨
Бұл күн ұстаздарымызға деген шынайы алғыс пен құрметке толы болды. Ұстаздың еңбегі – әр шәкірттің білімі мен болашағына қосылған баға жетпес үлес.
Құрметті ұстаздар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі әрдайым қуаныш сыйласын! 🤍