
Білім – ел болашағының берік негізі. Ал сол білімді шәкірт жүрегіне жеткізіп, кәсіби бағыт-бағдар беріп, білікті маман тәрбиелеп отырған ұстаздар еңбегінің орны ерекше. 🌿
Бүгін – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, олардың кәсіби қалыптасуына үлес қосып жүрген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласының барша қызметкерлеріне арналған айтулы күн! 💐
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен ізденістеріңіз, шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз – ел ертеңіне қосылған баға жетпес үлес. 🇰🇿
Құрметті әріптестер!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін көруді тілейміз! 🌷
Әр шәкірттің жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі!
Мерекелеріңіз құтты болсын! 🎉