
Қала маңынан және шалғай елді мекендерден қатынайтын ата-аналарға қолайлы жағдай жасау мақсатында колледжімізде қашықтықтан ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында білім алушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі мен тәрбиесі, қауіпсіздігі және ата-анамен өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
🤝 Қашықтыққа қарамастан, ата-ана мен колледж арасындағы тығыз байланыс – студенттің жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына маңызды ықпал етеді.
📚 Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік!
Ата-аналарға белсенді қатысқандары және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз! 🌷.