
1 қазан – Қарттар күні. Бұл күн – өмір жолы өнеге мен тәжірибеге толы аға буынға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалайтын ерекше мереке. ❤️
Осы айтулы күнде ұжымымыздағы ардақты әріптестерімізді – екі аяулы жанды шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Сіздердің көп жылғы еңбектеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Ұжымымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз! 🤍
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке, көңілдеріңізге қуаныш тілейміз! Әр күндеріңіз шуақты, әр сәттеріңіз бақытқа толы болсын! 🌸
Құрметті әріптестеріміз, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге деген құрметіміз әрдайым биік! 🫶