
Колледжімізде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау және білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы өтті.
Акция барысында колледж аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны көркейту бағытында бірлескен жұмыстар атқарылды.
Тазалық – тек қоршаған ортаның көркі емес, ол әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі.
Таза орта – таза ой, таза қоғамның бастауы!