
ЖМ «Қазіргі заманғы көпсалалы колледжінде» студенттермен кураторлық сағат өтті. Сабақ барысында жастарға адалдықтың адам өміріндегі орны, адал еңбектің құндылығы және адал табыстың мәні туралы айтылды.
📚 Адал адам – сенімге лайық тұлға.
💪 Адал еңбек – табыстың бастауы.
🌟 Адал табыс – еңбектің әділ жемісі.
Жаңа оқу жылында білімге қадам басқан әр студентке адал жолмен ізденіп, еңбектеніп, өз табысына жетуді тілейміз!