
Колледжімізде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында студенттерге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау, эвакуация тәртібі және өзіне әрі айналасындағыларға көмек көрсету жолдары түсіндірілді.
Қауіпсіздік ережелерін білу – әр адамның жауапкершілігі.
Төтенше жағдайға дайын болу – өмір қауіпсіздігінің маңызды кепілі!