
«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында «Құқықтану» мамандығының студенттері Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына барды. Сапар барысында студенттер сот жұмысының ерекшеліктерімен, сот процесінің ұйымдастырылуымен және қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мамандардың қызметімен танысты.Болашақ заңгерлер мамандықтың қыр-сырын тәжірибе жүзінде көріп, заң саласындағы мамандарға қойылатын талаптар мен кәсіби жауапкершіліктің маңызын түсінді.