
«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының студенттері акция аясында кәсіби ортаға еніп, болашақ мамандықтың ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
10 күн ішінде біздің болашақ техник‑технологтар:
✅ ЭЛОУ‑АВТ қондырғысының жұмысын зерттеді
✅ Крекинг пен ректификация процестерін көзбен көрді
✅ Мұнай өнімдерінің сынамаларын алуды үйренді
✅ Қауіпті өндірістегі техника қауіпсіздігін меңгерді
✅ Колледждегі теорияның өндірісте қалай іске асатынын түсінді.