
Оқушылар колледжіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу кабинеттерін аралап, мамандықтар туралы ақпарат алды. Қонақтарға колледждегі білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір және шығармашылық бағыттар жөнінде қызықты мәліметтер ұсынылды. 🎓✨
Жылы жүздесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа әсерлермен бөлісті.
Осындай танымдық кездесулер жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы таңдауға, жаңа мүмкіндіктерді тануға және білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. 💫
Қош келдіңіздер!
Болашақтарыңыз жарқын болсын! 💙