
Практикалық кездесу барысында студенттер мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешінің жұмыс орнымен танысып, балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдарын және педагогке қойылатын кәсіби талаптарды қарастырды.
Сонымен қатар, студенттер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысты.
Іс-шара барысында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Колобок» мектепке дейінгі шағын орталығының ұжымына студенттерге практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз! 🌷
Болашақ мамандарға кәсіби жолдарыңызда сәттілік тілейміз! 🤝