
Нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зияны туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған профилактикалық іс-шараға қатыстық.
Іс-шара барысында нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін кері әсері, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
🌱 Әрбір жас – өз болашағының таңдаушысы. Салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам.
Нашақорлықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет!