
Отбасы күніне орай колледжіміздің әкімшілік қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ мектебі» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға қатысты. 🤝
Семинар барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіп-қатердің алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
👥 Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бала қауіпсіздігі бағытындағы тиімді тәсілдермен танысты.
💚 Қауіпсіз балалық шақ — баршаға ортақ жауапкершілік!