
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, кітапхана қорын, оқу залдарын және студенттерге ұсынылатын ақпараттық мүмкіндіктерді таныстыру.
Кездесу барысында студенттерге кітапханаға жазылу тәртібі, кітап қорын пайдалану ережелері, қажетті әдебиеттерді іздеу жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқу үдерісіне қажетті оқулықтар мен көркем әдебиеттер таныстырылып, кітап оқудың маңыздылығы мен білім алудағы кітапхананың рөлі сөз болды. 📚✨
🎓 Кітапхана – білімге бастар жол, ізденіске қанат бітірер рухани орта!
Жаңа білім жолына қадам басқан жас студенттерге сәттілік, толағай табыс және кітаппен достық тілейміз! 💙📖