
Бүгін колледж білім алушылары полиция майоры Оспанова Жанна Жетибаевнаның қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік ережелері туралы маңызды ақпарат берілді.
💬 Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен заңға құрмет қалыптастыруға ықпал етеді. 🤝