
26.06 күні колледжімізде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Бұл күн – студенттік өмірдің жарқын белесін қорытындылап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше сәт. Білім мен еңбектің нәтижесі болған диплом – үлкен жетістіктерге бастар маңызды қадам.
Құрметті түлектер, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық болып, кәсіби қызметтеріңізде биік белестерді бағындырып, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер. Әрқашан колледжіміздің мақтанышы болып қала беріңіздер!