
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі, халқымыздың бірлігі мен рухани құндылықтарының көрінісі.
Әрбір азамат үшін мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің жарқын үлгісі. Рәміздеріміз – ұлттық мақтанышымыз, болашаққа деген сеніміміздің нышаны.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!