
Бұл күні біз жазықсыз жапа шеккен, азаттық пен әділдік жолында құрбан болған арыстарымыздың рухына тағзым етеміз. Олардың қайсарлығы мен елге деген адалдығы – кейінгі ұрпаққа өнеге.
Тарихтың ащы сабақтарын ұмытпай, өткеннен тағылым алып, бейбітшілік пен бірліктің қадірін бағалау – әр азаматтың парызы.
Қуғын-сүргін құрбандарының жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!