
Іс-шараның басты мақсаттары:
• Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
• Сөздік қорды байыту және шешендік өнерді дамыту;
• Көркем шығармалар арқылы рухани тәрбие беру.
Қатысушылар өздерінің сүйікті туындыларынан үзінді оқып, тыңдарманға шығарманың ерекше рухын жеткізе білді. Бұл челлендж студенттердің дұрыс әрі анық сөйлеу дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.