
Іс-шараның мақсаты – студенттердің дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир барысында командалар өзара бақ сынасып, ептілік, жылдамдық және командалық рухтарын көрсетті.Қатысушылар белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Көрермендер үшін де бұл турнир қызықты әрі әсерлі өтті.
Мұндай спорттық шаралар студенттердің достық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.