
Аталған ойынның мақсаты — студенттердің экологиялық білімін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және табиғатты қорғау мәселелеріне қызығушылығын қалыптастыру.
Ойын барысында қатысушылар экология тақырыбы бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғау бағытында өз ойларымен бөлісті.
«Eco Watch» интеллектуалды ойыны студенттер үшін қызықты әрі танымдық шара болды.