
1 наурыз – Қазақстандағы Алғыс айту күні – мейірім мен ризашылықтың, сыйластық пен татулықтың мерекесі. Бұл күн – бір-бірімізге алғыс айтып, жақсылық жасаған жандарға құрмет білдіретін ерекше сәт.
Осы мереке әр шаңыраққа береке мен бірлік, жүректерге жылу мен қуаныш әкелсін! Жақсылық жасап жарысайық, ізгілік пен қамқорлықты өмір салтымызға айналдырайық.
Әрдайым ризашылық білдірер адамдарымыз көп болсын!