
Турнирдің мақсаты — студенттердің физикалық құбылыстарды күнделікті өмірмен байланыстыра білу қабілетін арттыру, логикалық ойлауын дамыту және ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін көрсетіп, жылдам шешім қабылдау, сыни ойлау және талдау дағдыларын жетілдірді.