
Іс-шара барысында білім алушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, адал еңбектің маңызы, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері және адам өміріндегі шынайылық пен парасаттылықтың орны туралы ой қозғалды.
Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, түрлі өмірлік жағдайларды талқылады. Адалдық — тек заңды сақтау емес, ол әр адамның ішкі мәдениеті мен ар-ұятының көрсеткіші екені ерекше атап өтілді.
Мұндай кездесулер жастардың дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына, болашақ маман ретінде ғана емес, саналы азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
✨ Адалдық – адамдықтың айнасы!
✨ Әділ қоғам адал ұрпақтан басталады!