
Колледжімізде студенттер мен оқытушыларды бір арнаға тоғыстырған жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кеш қуанышты көңіл күйге, шығармашылық қойылымдарға, жылы лебіздер мен жарқын әсерлерге толы болды.
Жаңа жылдық шырша – өткен жылды қорытындылап, белсенді студенттерге алғыс білдіруге және қысқы демалыс қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлауға тамаша мүмкіндік болды.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, оқуда табыс, кәсіби жетістіктер мен алға қойған мақсаттардың орындалуын тілейміз.
Жаңа жыл құтты болсын!