
Колледжімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық рухты көтеру және ұйымшылдықты нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, жылдамдығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Әр команда белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Іс-шара соңында үздік шыққан командалар мен студенттер марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Мұндай спорттық шаралар жастарды ынтымаққа, табандылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелейді.