
Бүгін ОП-24р-9, ОП-23р-9 топтарының студенттері оқытушы Д. Н.Токсамбаевамен оқу практикасы кезінде Қарағанды облысы полиция департаментінің мұражайына барып, құқық қорғау органдарының тарихымен танысып, сирек кездесетін жәдігерлерді көріп, полиция жұмысы туралы іштен білді. Экскурсия қауіпсіздік қызметінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді және балалардың кәсіби ой-өрісін кеңейтті.