
Апталықтың екінші күні желідегі қауіпсіздікке арналды. Колледжде барлық курс топтарының қатысқан «Киберқауіпсіздіктің 10 алтын ережесі» плакаттар көрмесі өтті. Ал 1-3 курс студенттері «Өзіңді киберкеңістікте қорғау» интерактивті сағатында алаяқтардың айла-шарғыларын қалай тану керектігін викторина арқылы білімдерін көрсетті. Бұл шығармашылық, білімді және өте өзекті болды!