Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Күні 08.09.2025

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.
Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.
Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек».

Жаңалықтар

Республика күніне арналған іс-шара

Күні 25.10.2025 Толығырақ

Студенттердің салтанатты рәсімі

Күні 23.10.2025 Толығырақ

Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!

Күні 02.09.2025 Толығырақ

Бүгін колледжімізде 1-курс студенттеріне арналған «Жігер» студенттік парламентінің жиналысы өтті.

Күні 05.09.2025 Толығырақ

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Күні 08.09.2025 Толығырақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз сіз үшін жиі қойылатын сұрақтарға жауаптардың егжей-тегжейлі және ыңғайлы тізімін дайындадық.

Құжаттарды қашан қабылдайсыз?

Өтініштер жыл сайын қатаң белгіленген мерзімде – 25 маусымнан 25 тамызға дейін қабылданады.
Құжаттар күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады.
Түскі үзіліс бар:
Қабылдау 13:00-ден 14:00-ге дейін уақытша жабылады.
Қабылдаулар, егер веб-сайтта немесе бөлім хабарландыруында басқаша көрсетілмесе, бірінші келген, бірінші қызмет көрсету негізінде қол жетімді.
Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттар қабылданбайды, сондықтан кезек пен кешігуді болдырмау үшін өтініштерді ертерек берген жөн.

Оқуға түсу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?

Білім туралы құжат – тұпнұсқа (аттестат, қосымшасымен бірге диплом)
Жеке куәлік (туу туралы куәлік)
Медициналық анықтама №075-у
Фотосурет 3х4 см – 4шт

Құжаттарымды қашан тапсыра аламын?

Қабылдаумерзімдері
25.06.2026ж – 25.08.2026ж

Ұсыну үшін қандай құжаттар қажет?

Қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Директордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3. 3х4 см өлшемдегі төрт фотосурет;
4. Медициналық анықтамалар (075-U)
5. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Контактілер

Бізбен байланысу үшін хабарлама жазыңыз, біз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

Байланыс ақпараты

«Қазіргі заманғы көпсалалы колледж» ЖММ

Біз қайда орналасамыз

Қарағанды қ. Лободы көшесі 40

Лободы көшесі 40

Телефондар

8(7212) 56-10-05

+7 (705) 156-10-05

Электрондық пошта

krg-koll-6774@bilim09.kz

Хабарлама жіберу

Хабарлама жазыңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз.

Жүктелуде
Рахмет, хабарламаңыз жіберілді!